X

Скопируйте код и вставьте его на свой сайт.

Ширина px

Вы можете уменьшить размер презентации, указав свой размер!

Бұлшықет ұлпасы Жүйке ұлпасы

Дәріс жоспары 1. Бұлшықет ұлпасы. 2. Бұлшық ет ұлпасының қрылысы мен қызметі....
БҰЛШЫҚ ЕТ ҰЛПАЛАРЫ- Бұлшық ет ұлпасы — организмнің қозғалысы мен ішкі органда...
1-бөлім Бұлшықет ұлпасы
Бұлшық ет ұлпасының түрлері Бірыңғай салалы Көлденең жолақты Жүрек б/е
Бірыңғай салалы бұлшықет 1 – миоцит, 2 - ядро
Бірыңғай салалы б/е құрылысы А – в жарық микроскобында, Б – в электронды микр...
Көлденең жолақты б/е ұлпасы 1 – б/е жіпшесі; 2 – ядро.
Көлденең жолақты б/е ұлпасы А – жұмысшы миоциттер; Б –атиптік миоциттер; В –у...
Нерв ұлпасы — нерв жүйесінің негізгі кұрылымдық элементі. Нерв ұлпасы нерв кл...
2-бөлім Жүйке ұлпасы
Нейрон түрлері 1 – униполярлы; 2 – псевдоуниполярлы; 3 – биполярлы; 4 – мульт...
Униполярлы нейрондар сирек кездеседі. Биполярлы клеткалардың өзгеше түрі псев...
Жұлының нерв клеткасындағы Ниссль заты: 1-клетка денесі, 2-ядро, 3-Ниссль заты,
НЕЙРОГЛИЯ Нейроглия — нерв үлпасының көмекші және маңызды қүрамды бөлігі. Ней...
Нейроглияның түрлері: 1— плазмалык астроциттер, 2— талшықты астроциттер, 3— о...
Протоплазмалық астроциттер ми мен жүлынның сүр затында орналасқан, оның денес...
Жүйке торы
НЕРВ ТАЛШЫҚТАРЫ Қабықшалармен қапталған нерв клеткаларының өсінділері нерв та...
Миелинді нерв талшығы: 1-орталық цилиндр (аксон), 2-миелин қабықшасы, 3-Шванн...
Нейрондардың өзара байланысы. Нейрондар әрқайсысы өз алдына жеке қызмет атқар...
Миелинді талшықтың кқлденең кесіндісінің электроннограммасы: 1-орталық цилинд...
Синапстардағы қозудың берілуі ерекше химиялык за-ттын, медиатордың, ацетилхол...
ДӘРІС СҰРАҚТАРЫ 1. Ет ұлпасының морфофункциональдық сипаттамасы. 2. Ет ұлпасы...
Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: Л.Ф. Гаврилов, В.Г. Татаринов «А...
Класс
Автор

Бұлшықет ұлпасы Жүйке ұлпасы

Описание презентации по отдельным слайдам:

1 слайд

2 слайд

Дәріс жоспары 1. Бұлшықет ұлпасы. 2. Бұлшық ет ұлпасының қрылысы мен қызметі. 3. Жүйке жасушаларының құрылысы мен қызметі. 4. Нейрон құрылысы мен түрлері. 5. Нейроглия құрылысы мен қызметі. 6. Жүйке ұштары. 7. Синапс туралы ұғым.

3 слайд

БҰЛШЫҚ ЕТ ҰЛПАЛАРЫ- Бұлшық ет ұлпасы — организмнің қозғалысы мен ішкі органдарының жиырылу процестерін қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде мамандалған ұлпалар. Бұлшық еттің үш түрін ажыратады: 1. Бірыңғай салалы бүлшық ет ұлпасы; 2. Көлденең салалы бүлшық ет ұлпасы; 3. Жүрек бүлшық ет ұлпасы. Нерв ұлпасы — нерв жүйесінің негізгі кұрылымдық элементі. Нерв ұлпасы нерв клеткаларынан немесе нейрондардан (нейроциттерден) және глиалык клеткалардан не-месе глиоциттерден түрады. Нейроглия — нерв үлпасының көмекші және маңызды қүрамды бөлігі. Нейроглияның клеткалары нерв импуль-старын өткізбейді, бірақ олар нерв үлпасында тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функциялар атқарады.

4 слайд

1-бөлім Бұлшықет ұлпасы

5 слайд

Бұлшық ет ұлпасының түрлері Бірыңғай салалы Көлденең жолақты Жүрек б/е

6 слайд

Бірыңғай салалы бұлшықет 1 – миоцит, 2 - ядро

7 слайд

Бірыңғай салалы б/е құрылысы А – в жарық микроскобында, Б – в электронды микроскопта. 1 – тегіс миоциттер; 2 – ядролар; 3 – цитоплазма; 4 – митохондриялар; 5 – миофиламенттер; 6 – гавеолалар; 7 – жасушааралық байланыс; 8 – базальды мембрана.

8 слайд

Көлденең жолақты б/е ұлпасы 1 – б/е жіпшесі; 2 – ядро.

9 слайд

Көлденең жолақты б/е ұлпасы А – жұмысшы миоциттер; Б –атиптік миоциттер; В –ультрамикроскоптық құрылыс схемасы. I – жұмысшы б/е; II – атиптік б/е: 1 – кардиомиоциттер ядролары; 2 – цитоплазма; 3 – вставочный диск; 4 – миофибрилдер; 5 – митохондриялар; 6 – Гольджи кешені; 7 – анастомоздар.

10 слайд

Нерв ұлпасы — нерв жүйесінің негізгі кұрылымдық элементі. Нерв ұлпасы нерв клеткаларынан немесе нейрондардан (нейроциттерден) және глиалык клеткалардан не-месе глиоциттерден түрады. Импульстарды орталық нерв жүйесіне беретін нейрондарды афференттік немесе сенсорлық нейрондар дейді, ал эфференттік қозғаушы, нейрондар импульстарды орталық нерв жүйесінен эффекторларға (үлпаларға немесе тітіркенішке жауап беретін органдарға, мысалы — бүлшық еттерге немесе бездерге) береді. Кейде афференттік ней-рондар аралық немесе ассоциативтік нейрондар аркылы эффекторлық нейрондармен жалғасады. Сезімдік, аралық және қозгаушы нейрондар қосы-лып, рефлекторлық доғаны күрайды. Нейрондардың өза-ра жанасқан жерін сииапстар дейді. Синапстар қоздырушы және бөгеуші болып бөлінеді. Нейронның денесін (перика-рион) және онан тарайтын цитоплазмалық есінділерді ажыратады, Осы өсінділердің саны мен орналасуына қарап нейрондарды уни- псевдоуни-би және мультиполярлы деп бөледі. (сурет). Импуль-старды клетканың денесіне өткізетін өсінділерді дендрит- тер деп атайды. Импульстар-ды клетканың денесінен басқаклеткаларға немесе шеткі оргаңдарға өткізетін өсінділер аксондар немесе нейрит деп аталады. Бүлар дендриттерге қарағанда жіңішке және олардың үзындығы бірнеше метр-ге жетуі мүмкін. Аксонның дисталдық учаскесшщ нейро-секрециялык қабілеті бар, ол түйме сияқты үшпен аякталатын көптеген жіңішке бүтақшаларға тармақталады. Түйме тәрізді үштарында ерекше зат нейромедиаторға (ацетилхолин) толы үсақ көпіршіктер мен көптеген мито-хоидриялар болады.

11 слайд

2-бөлім Жүйке ұлпасы

12 слайд

Нейрон түрлері 1 – униполярлы; 2 – псевдоуниполярлы; 3 – биполярлы; 4 – мультиполярлы.

13 слайд

Униполярлы нейрондар сирек кездеседі. Биполярлы клеткалардың өзгеше түрі псевдополярлы нейрондар. Псев-доуниполярлы клеткалар жиірек кездеседі. Бигіолярлы нейрондардың қарама-қарсы бағытта тарайтын екі өсіндісі болады, осыған байланысты клетка денесінің пішіні үршық сиякты келеді. Нерв клеткаларының көпшілігі мультипо-лярлы болады. Бүлардың пішіві түрліше болуы мүмкін. Өсінділердің біреуі нейрит, қалғандары дендриттер. Нерв импульстары аксон арқылы тиісті орнына беріледі, ал де-ндриттерге келген импульстар клетка денесіне беріледі. Өсінділер өте үзын болуы мүмкін және нейриттегі нейроп-лазманың (цитоплазманың) мөлшері нерв клеткаларының денесіндегі нейроплазманың көлемінен кейде жүз, тіпті мың есе артық болады. Белоктар нерв клеткасының денесі мен оның дендрит-терінде ғана синтезделеді. Нерв клеткасының ядросы ірі және ақшыл келеді, бір немесе бірнеше ядрошығы болады. Клетка денесінің нейроплазмасында жарық микро-скопімен көрінетін хроматофилдік зат немесе Ниссльдің түйіршіктері деп аталатын базофильдік заттың түйіршіктері болады (сурет). Олар көбінесе ядроның маңьшда немесе клетка денесінің шет жағы мен дендрит-терде жиналады, аксонда болмайды. Электрондық микро-скоппен карағанда Ниссль заты бос орналаскан және мембраналарға бекіген, рибосомалар мен полирибосомала-ры бар гранулалық эндоплазмалық ретикулумның жалпақ цистерналарына бай цитоплазманың аймағы екенін дәлелдейді.

14 слайд

Жұлының нерв клеткасындағы Ниссль заты: 1-клетка денесі, 2-ядро, 3-Ниссль заты,

15 слайд

НЕЙРОГЛИЯ Нейроглия — нерв үлпасының көмекші және маңызды қүрамды бөлігі. Нейроглияның клеткалары нерв импуль-старын өткізбейді, бірақ олар нерв үлпасында тіректік, трофикалық, қорғаныс және изоляциялық функциялар атқарады. Сонымен бірге мидың эпифиз және гипофизінде нейроглия осы органдардың негізгі массасын күрайды және секреторлық функция атқарады. Нейроглияның клеткалар саны нейрондарға қарағанда 10 есе көп. Бүл клеткалар орталық нерв жүйесінің клетка-ларын қоршап, олардын арасындағы кеністікті толтырып, механикалық тіректік функция атқарады. Глиалык клеткалардың метаболизмнің активтігі өздерін қоршаған клеткалардын метаболизміне тығыз байланысты деп есептейді. Жатқа сактау процестеріне қатысатын болуы керек деген жорамал да бар. Шванн клеткалары деп аталатын     нейроглияның      серіктері      миелинген     талшықтарының қабықшаларын синтездейді, ал қалған клет-калар фагоцитоздық функция атқарады. Нейроглия клеткаларының бірнеше типтері бар: нерв түтігінен дамитын макроглия (глиоциттер) мен мезенхима-дан пайда болатьш микроглия (глиалық макрофагтар). Макроглия клеткаларының екі категориясын ажыра-туға болады: астроциттер мен олигодендроциттер. Астро-циттер протоплазмалық және талшықты болып белінедІ

16 слайд

Нейроглияның түрлері: 1— плазмалык астроциттер, 2— талшықты астроциттер, 3— олигодендроцитгер, 4— микроглияның клеткалары ірі нейрондардың арасындағы.

17 слайд

Протоплазмалық астроциттер ми мен жүлынның сүр затында орналасқан, оның денесінен тармакталған қысқа және жуан өсінділер тарайды. Талшықтарды қүрамайды. Ми мен жүлынның ақ затында фибриллалық немесе тал-шықты астроциттер болады. Өсінділері ұзын және кеп тармақталмайды, талшықтардын шоғырын құрайды. Астроциттердің бүл түрінің есінділері нерв клеткаларының өсінділері мен денелерінің арасындағы кеңістіктің бәрін толтырып түрады және нейрондар жататын тор қүрайды. Талшықты астроциттердің өсінділері нейрондарды қоректендіретін шекаралық глиалық периваскулярлык мембраналар қүрайды. Астроциттердін екі типі бір-бірімен өзара байланысты және нейрондар орналасатын үш өлшемді шырматылып жататын тор қүрайды. Астроциттердің бөлінуі жиі байқалады, орталық нерв жүйесі зақымдалған жағдайда тыртық үлпа қүрайды. Олигодендроциттер ми мен жүлынның сүр және ақ за-тыңда орналаскан. Бүлар астроциттерден үсақ келеді. Клетка денесінен жіңішке бұтақшалардың аздаған саны та-райды. Нерв жүйесінің орталык бөлімдерінін сүр затында бүлар нейрондар денесіне жанаса орналасады, ақ затта катар қүрап немесе топтанып жатады, ал орталық нерв жүйесі аймағының сыртьшда олар нерв клеткаларының өсінділерін және олардың үштык аппараттарьш бойлап ор-наласады, оларды Шванн клеткалары немесе нейролеммоциттер деп атайды. Шванн клеткалары миелинденген талшықтардын миелин қабықшасын синтездейтін маман-далған олигодендроциттер. Нерв клеткаларының өсінділерін изоляциялап, олигодендроциттер нерв козуының шашырауына кедергі болады. Сонымен бірге олигодендроциттер нейровдарды қоректендіруге және ми-дың су алмасуына катысады. Микроглияның клеткалары мидың сүр, ақ заттарьшда орналасқан. Сүр затта көп болады. Лизосомалар мен жақсы жетілген Гольджи аппараты бар клетканың кішкене сопақша денесінің әрбір үшьшан жуан өсінді тарайды. Ми зақымдалған кезде бүл клеткалар фагоциттерге айналады және амебаша қозғалып жылжып, бөгде денелердің қаптап келуіне кедергі болады.

18 слайд

Жүйке торы

19 слайд

НЕРВ ТАЛШЫҚТАРЫ Қабықшалармен қапталған нерв клеткаларының өсінділері нерв талшықтарын күрайды. Нерв талшықтары ми мен жүлынның өткізуші жолдарын, ал шет жағында нервтерді күрайды. Орталық нерв жүйесінде нерв талшықтары мидың ақ затының қүрамына кіреді. Нерв талшығының басты бөлігін орталық (өстік) цилиндрлер күрайды. Оны қабықшалар қаптап түрады. Қабықшаларының қүрылысына қарап нерв талшықтарының екі түрін ажыра-тады: миелинсіз (жүмсак затсыз) және миелинді (жүмсақ затты) нерв талшықтарьш.Жүмсақ затсыз нерв талшығы Шванн клеткаларымен қоршалған бірнеше (7—12) орталық цилиндрлерден түрады. Жүмсақ затсыз қабықшаның қүрамында миелин болмайды. Жүмсақ затсыз нерв талшығы жүқа дәнекер үлпалық базальдық мембранамен қапталған. Электрондық микроскоп талшықтың орталық цилиндрі Шванн клеткасының цитоплазмасына батып түратынын және нерв клеткаларының есінділері Шванн клеткаларының плазмалеммасынын қос қатпарына асылып түрғандай болып көрінетінін байқаған. Плазмалык мембрананың осы қос қабатын мезаксон дейді. Мезаксон мен глиялық клет-калар шекаралары жарық микроскопымен көрінбейді. Ак-сон мен оны қоршаған Шванн клеткасы өз бетінше жеке қүрылымдар. Бүлардың мембраналары ені 100—150 А° саңылаумен бөлінген.Жоғары сатыдағы омыртқалылардың Шванн клеткасы бір ядролы клетка, оның цитоплазмасыңца жақсы жетілген гранулалық эндоплазмалық ретикулумның, Гольджи аппа-раты мембраналарының және көптеген митохондриялардың болатынын электрондық микроскоп анықтаған. Бүл органо-идтардың болуы осы клеткалардың белсенділігінщ жогары екенін көрсетеді.Миелинді (жүмсақ затты) нерв талшыктары орталық және шеткі нерв жүйесінде байқалады. Бүл талшықтар нерв импульстарын өте тез және дәл өткізеді. Орталық ци-линдрге тікелей жанасып, оны қаптап тұрады. Изолятор ролін атқарады деп есептейді. Миелин нерв талшығын то-лықтай каптамайды, белгілі аралықта үзіледі. Үзілген жерін Ранвьенің үзілісі деп атайды.Бүл жерлер Шванн қабықшасымен капталмайды. Мие-лин қабықшасы үзілуішн орталық цилиндрге қажетті заттардың енуіне, иондар алмасуына тигізетін әсері үлкен және нервтік қозудың жылдамдығын да арттырады. Әрбір миелинді талшықта бір ғана орталық цилиндр болады, оны қоршай моншақ сияқты тізілген дәнекер үлпалық базаль-дық мембранамен капталған леммоциттер орналасады.Миелиндік қабықшада үзілістер арасында кішкене саңылаулар болады, оны Шмидт-Лантермен кесіндісі дейді.Бүлар орталық нерв жүйесінің аймағында болмайды. Миелиндік қабықша сыртқы жағынан мықты мембранамен — неврилеммамен қапталған.

20 слайд

Миелинді нерв талшығы: 1-орталық цилиндр (аксон), 2-миелин қабықшасы, 3-Шванн қабықшасы, 4-Ранвъенің үзілісі, 5-Лантерманың қиындысы, 6-Шванн клеткасының ядросы.

21 слайд

Нейрондардың өзара байланысы. Нейрондар әрқайсысы өз алдына жеке қызмет атқармайды. Олар өза-ра байланысып, біртүтас жүйе қүрайды. Нейрондардың өзара және сол сиякты нерв жүйесіне жатпайтьш клетка-лармен жанасып, байланысқан жерлері синапстер деп ата-лады. Синапстарды қүрылысы мен орналасуына қарай үш топқа бөледі: нейрондарааралық, рецепторлық-нейрондык және нейроэффекторлық деп. Нейрондарааралық синапстар аксодендриттік, аксосомалық және аксоаксондық болып бөлінеді. Синапстардың формалары түрліше болғанымен олардың қүрылысында жалпы үқсастық белгілер байқалады. Синапс аймағындағы аксондар мен дендриттер үшта-рьшда миелинді қабықша болмайды және жуандау келеді. Аксонның бүл бөлігінде көптеген митохондриялар мен синапстық көпіршіктер болады. Сонғылары цитоплазмалык мембраналармен коршалған. Көпіршіктердің диаметрі 40— 50 нм-дей. Электрондық микроскоп синапс (контакт-жанасу) мор-фологиясының көптеген детальдарын анықтады. Атап айтқанда, нейрондардың өзара немесе басқа клеткалармен жанасқан жерінде, жанасушы клеткалардың плазмалық мембраналарының арасында ені 12—30 нм синапстық саңылау деп ататалын кеңістік болады. Ол жарық микрoскопымен байқалмайды, Синапстық саңылаулармен шектескен бір мембрананы, яғни аксонның нейрилеммасын пресинапстық мембрана, ал екіншісін, дендриттін нейри-леммасымен жанасатын — постсинапстық мембрана дейді. Синапстын пресинапстық бөлігінде көпіршіктер мен мито-хондриялар көп болатын болса, постсинапстық бөлігінде олар болмайды.

22 слайд

Миелинді талшықтың кқлденең кесіндісінің электроннограммасы: 1-орталық цилиндр, 2-миелин, 3-Шванн қабықшасы, 4-коллагендік фибриллалар.

23 слайд

Синапстардағы қозудың берілуі ерекше химиялык за-ттын, медиатордың, ацетилхолиннің бөлінуіне байланысты. Ол пресинапстық көпіршіктерде ғана жиналады және пре-синапстық аксонды қоздырған кезде жеткілікті мөлшерде бөлінеді. Медиаторлар көпіршіктерден синапстық саңылауға шығады да постсинапстық мембрананың компо-ненттерімен байланысқа түсіп, оған тез сіңеді. Медиаторлар импульсті нейроннан нейронға, нейроннан бүлшық ет элементтеріне немесе секрет бөлуші клеткаларға өткізуді қамтамасыз етеді. Нейрондараралық синапстар нерв клеткаларьпшң ара-сындағы синапстар. Егер бір нейронның аксоны басқа по-стсинапстық нейронның дендритімен контактіге түссе, бүндай синапстарды аксодендриттік деп атайды. Бүлар си-напстардың кең тараған түрі және күрылысы да түрліше болады. Егер бір нейронның аксоны басқа постсинапстық нейронның перикарионымен контактіге түссе. ондай синапсты аксосомалық дейді. Бір нейронның аксоны екінші бір постсинапстық нейронның аксонымен байланысса, ондай синапсты аксоаксондық деп атайды. Нейронаралық синап-стар өте көп болуы мүмкін. Морфофункциялық белгілері бойынша синапстарды химиялык және электрлік деп бөледі. Химиялық синапстар қоздырушы және бөгеуші бо-лып ажырайды. Бүларға тән белгі пресинапстық полюста козуды постсинапстык полюсқа өткізуге катысатын затка — медиаторға толы прессинапстық көпіршіктердің болуы. Ең көп тараған медиатор норадреналин мен ацетилхолин, бірақ басқа да медиаторлар болады. Ацетилхолин — меди-аторлардын ішіндегі бірінші белгілі болғандарының бірі. Оны 1920 ж. Отто Леви күрбака жүрегінің кез келген нервісінің парасимпатикалык нейрондарының үштарыиан бөліп алған. Ацетилхолинді бөлетін нейрондарды холинэр-галык, ал норадреналиңді бөлетін нейрондарды адренэрга-лық деп атайды. Химиялық синапстың мына бөліктерін ажыратуға болады: пресинапстық бөлігін, постсинапстык бөлігін және синапстық саңылауда. Пресинапстық бөлігінде пресинапстық көпіршіктер болады. Көпіршіктің диаметрі 50 нм

24 слайд

ДӘРІС СҰРАҚТАРЫ 1. Ет ұлпасының морфофункциональдық сипаттамасы. 2. Ет ұлпасының түрлері. 3. Қаңқа ет ұлпасының құрылысы және қызметі. 4. Жүрек ет ұлпасы, гистогенезі, құрылысы, кардиомиоциттердің ұлпалық ұйымы. 5. Біріңғай салалы ұлпа. Гистогенезі, құрылысы және қызметі. 6. Жүйке ұлпасы. Жалпы сипаттамасы, түрлері, гистогенезі. 7. Нейрондар. Морфологиялық және функциональдық түрлері. Құрылымдық ұйымының ерекшелігі. 8. Нейросекреторлы жүйе. Нейросекреторлы жасушалардың ұйымдық ерекшелігі. Нейросекреторлы жүйенің жүйке және эндокриннді жүйелермен қарым қатынасы. 9. Нейроглия. Классификациясы, шығу тегі, функциональді ролі. 10. Жүйке талшықтары. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтары. 11. Синапстар. Жалпы сипаттамасы, түрлері, ультраструктуралы ұйымы. 12. Рецепторлар. Жалпы сипаттамасы, түрлері, қызметі.

25 слайд

Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: Л.Ф. Гаврилов, В.Г. Татаринов «Анатомия», стр. 248-261 Р.П. Самусев, Ю.М. Селин «Анатомия», стр. 6307-332 В.Я. Липченко «Атлас нормальной анатомии человека» Қосымша әдебиеттер: М.Г. Привес, Н.К. Лысенко «Анатомия человека», стр. 401-433 Р.Д. Синельников «Атлас анатомии человека», том 2